«Ән падишасы – Шәмші ата»


Орталық балалар кітапханасында қазақ халқының ұлы мақтанышы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Ән падишасы – Шәмші ата» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Іс-шараға №25 қазақ қыздар гимназиясының 8 сынып оқушылары мен кітапханашылар шақырылды.
Кеш барысында Шәмші атаның өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша айтылып, бейнероликтер көрсетілді. Кітапханашы А.Сүлейменова Шәмші ағаның «Ана туралы» әнінің шығу тарихын айтып, әнді орындап берді. Сонымен қатар
«Арыс жағасында», «Кешікпей келем деп ең», «Өмір-өзен», «Бәрінен де сен сұлу» атты әндерін оқушылар караокемен қосылып шырқады. Кітапханашы Е.Қасенова М.Мақатаевтың «Шәмшіге» атты өлеңін оқып берді.
Шара соңында «Ән падишасы – Шәмші ата» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Updated: Ақпан 26, 2020 — 2:53 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған