Балалар құқығы!

Дүниежүзілік балалар күніне орай ОБК қызметкерлері «Балалар құқығы» тақырыбында құқықтық сабақ өткізді.
Іс-шараның мақсаты – басты жалпыадамзаттық құндылық ретінде адам құқықтары туралы жалпы түсінік қалыптастыру; оқушыларды адам құқықтары туралы декларацияның, ҚР Конституциясының, Бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелерімен таныстыру, адамның қадір-қасиетін құрметтеу, төзімділікті, өзара түсіністік пен теңдікті тәрбиелеу.
Ең алдымен балаларға Дүниежүзілік балалар күні мерекесінің тарихы шығу жайлы бейнебаян ұсынылды, яғни 1959 жылы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Бала құқықтары декларациясын қабылдандығы жөнінде баса айтып өтті.
Балалармен көптеген қызықты ойындар өткізді. Атап айтатын болсақ, «Мен ересектерге көмектесемін» деген ойында балалар ер жеткенде өздеріне лайық деп санайтын, сондай-ақ өздеріне ұнайтын есімдерді атап шықты. (7 бап: Аты-жөні мен азаматтығы). «Кім, қайда тұрады?» ойынында балалар шеңбер құрып тұрады. Ойын жүргізушісі допты кез келген бір балаға лақтырып, бір елдің атын атайды, демек допты қағып алған бала сол елдің тұрғындарын атауы тиіс (Германияда – немістер, Қырғызстанда – қырғыздар, Ресейде–орыстар, Белоруссияда-белорустар, Арменияда-армяндар, Өзбекстанда-өзбектер). Ендігі кезек, ертегілер еліне де келіп жетті. Ертегіні жақсы көрмейтін бала кемде-кем шығар. Олай болса, балалар ертегі кейіпкерлерін тауып, сондай-ақ олардың құқықтарында атап айта білді. Мысалы:
1)Күлшеқыз, Бауырсақ, Етіктегі Мысық сынды ертегі кейіпкерлерінің қайсысының өмір сүру қызығы бұзылды?
2) Алёнушка әпке, Үш торай, Бауырсақ сынды ертегі кейіпкерлерінің қайсысының тұрғын үйге қол сұқпаушылық құқығы бұзылды?
Балалардың алған білімдерін қорытындылау мақсатында «Иә!Жоқ!» ойынын өткізді. Балалар келесідей сұрақтарға мүдірместен жауап берді.
– Адам мүлікке ие бола ала ма? – Ия!
– Адамдардың әлеуметтік қамтамасыздандыруға құқығы бар ма? – Ия!
– Еңбекті еркін таңдауға тыйым салуға бола ма? – Жоқ!
– Заң ана мен нәрестені қорғай ма? – Ия!

Updated: Қараша 11, 2021 — 10:44 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған