«Ағартушы, жаңашыл педагог – Ыбырай Алтынсарин»

Орталық балалар кітапханасының қабырғасында ұлағатты ұстаз, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай №25 қазақ қыздар гимназиясы оқушыларының қатысуымен «Ағартушы, жаңашыл педагог – Ыбырай Алтынсарин» атты ақпараттық сағат болып өтті.
Іс шараны кітапханашы Г.Сағындықова автордың өлеңі мен Ақылбек Шаяхметтің Ыбырай Алтынсаринге арналған өлеңімен бастады. Библиограф С.Тұрсынханова оқушыларды ғалымның өмірбаянымен таныстырып, Ы.Алтынсариннің педагогика, лингвистика, көркем әдебиет, этнография ғылымдарына қосқан орасан зор үлесі туралы әңгімеледі.
Шара барысында оқушылар Ыбырай Алтынсариннің «Кел балалар, оқылық!», «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды. Соңдай-ақ, оқушылар автордың әңгімелері желісінде түсірілген «Әке мен бала», «Бақша ағаштары» мультфильмдерін тамашалап, мультфильмнен алған ерекше әсерлерімен бөлісті.
Шара соңында «Даланың дара ұстазы – Ыбырай Алтынсарин» атты кітап көрмесіне шолу жүргізілді.

Updated: Қараша 5, 2021 — 9:59 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған