«Абай таным сатылары»


Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығын мерекелеу аясында №24 мектеп-гимназиясының 6 «а» сынып оқушыларының қатысуымен Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері «Абай таным сатылары» атты танымдық сағатын өткізді.
Кітапханашы Т. Е. Ракишева оқушыларды Абайдың өмірбаянымен шығармашылық мұрасымен, “Абай жолы”, “Құнанбай” атты кинофильмдерімен, қаламыздағы Абай ескерткішінің тарихымен, әлем бойынша ұйымдастырылған ақындық Абай-челленджімен таныстырып өтті. Сонымен қатар кітапханашы Т.Хохлова Семей қаласындағы әдеби-мемориалдық Абай мұражайы туралы баяндады.
“Абай туралы не білеміз?” атты әдеби викторинаға оқушылар белсене қатысып, толықтай жауап берді. Шара соңында “Әлем таныған – Абай” атты кітап көрмесіне шолу жасалды”.

Updated: Қаңтар 31, 2020 — 11:05 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған