«Тәрбие отбасынан басталады»

«Жанұя кафесі» клубы аясында орталық балалар кітапханасының қызметкерлері 15 мамыр – Дүниежүзілік отбасы күніне орай «Тәрбие отбасынан басталады» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге орталық балалар кітапханасының тұрақты оқырмандары Сағындық Айзере әжесі Сүлейменова Айымгүлмен, Жасқайрат Толғанай әжесі Нұргүлмен, Күлбизекова Томирис анасы Күлбизекова Галинамен қатысты.
Дөңгелек үстел М.О.Әуезовтың «Бала ата-ананың тағылымымен өседі» деген қанатты сөзімен басталды. Әр отбасы өздерін таныстырып, кітапханашы отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас, отбасы құндылықтары жайлы біраз сұрақтар қойып, осы мәселедер жөнінде қызу әңгіме өрбіді.
Қызу талқылаудан кейін, қатысушыларға карточкалар таратылып, оларды мағынасына қарай біріктіру тапсырылды. Шара соңында балалар қиялдарындағы бақытты отбасын қағаз бетіне түсіріп, балдай тәтті бала тілімен өздерінің отбасылары жайлы қысқаша баяндап өтті. Шара соңында кітапханашы қатысушыларға алғысын айтып, жылы лебізін білдірді.

Updated: Мамыр 12, 2023 — 3:23 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған