«Борис Заходер және бәрі-бәрі-бәрі»


«Дауысты кітап» клубы аясында орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №20 балабақша бүлдіршіндеріне орыс ақыны Борис Заходердің 105 жылдығына орай «Борис Заходер және бәрі, бәрі, бәрі» атты дауыстап оқу шарасын өткізді.
Шара барысында кітапханашы балаларды ақынның өмір жолымен, сондай-ақ шығармашылығымен таныстырып, «Винни-Пух» ертегісін оқып берді. Одан әрі бүлдіршіндер Винни Пух жайлы қызықты мультфильмді тамашалады. Сондай-ақ, балғын балалар естіген және көрген ертегілері жайлы түрлі тапсырмалар орындады. Оның ішінде ең қызықтысы «Аюға бал құйылған құмыраға жетуге көмектесіңдер» атты тапсырмада балалар ептілік танытып, Винни Пухты лабиринттен өткізіп, діттеген жеріне жеткізуі тиіс. Балалар тапсырманы қызығушылықпен орындады. Шара соңында балалардың назарына «Винни Пух ертегілер елінде» атты кітап көрме ұсынылды.

Updated: Сәуір 26, 2023 — 9:31 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған