Мерзімді басылымдар

«Ұлан» газеті. 
Балалар мен жасөспірімдердің республикалық «Ұлан» газеті – Қазақстан балалар баспасөзінің негізін қалап келе жатқан сүйікті басылымдардың бірі. 80-жылдық қысқа да ұзақ тарихы бар, талай «тар жол, тайғақ кешулерден» өтіп, талай тауқыметті артқа тастады. Қазақстанның тəуелсіз заманына да жетті.

Газет шыға бастаған күннен бері жас буынның өмірдегі бағыт сілтер кеңесшісі, қол ұшын берер көмекшісі, ой бөлісер сырласы болып келеді. Бүгінгі күні қаншама атақты еңбек адамының, мəдениет пен өнер қайраткерінің, озық ойлы саясаткер мен ғалымның, осы газет арқылы дүние танып, қанаттанғанын айтып берудің өзі күш. Кішкентай бүлдіршіннің саналы да салауатты азамат, білімді де білікті маман болып тəрбиеленуіне газеттің қосқан үлесі зор. Газет балалардың ой-өрісі мен дүниетанымын ұлттық тұрғыдан өсіретін, халқымыздың сан қырлы тарихы мен салт-дəстүрін насихаттайтын кең тынысты шығармалар жариялап, жас ұрпақтың бойына елімізге деген патриоттық сезім рухын сеуіп, Отанын сүйген, елін қадір тұтқан үлкен азамат болып ер жетуіне қомақты үлес қосып келеді.
«Айгөлек» журналы.
Білім мен тәрбиеге жаңашыл көмекші құрал – «Айгөлек» журналының әр санында мектеп оқушыларына жүйелі білім, тәрбие беріледі. Сан алуан танымдық тақырыптардан бөлек, жаңарған білім беру мазмұнына сәйкес «Үш тілді үйрену әліппесі», «Логикалық тапсырмалар», «Ақыл-ой сабағы», «Бала тәрбиесін ұмытпаңыз, ата-ана!», «Сен қандай баласың?», «Шеберлікке барар жол», «Алуан түрлі жүйрік бар...», «Ұлылар ұлағаты», «Өлді деуге бола ма?», «Спорт беті», «Жарық жұлдыз», «Әлем таныған тұлғалар», «Жер-жиһан», «Қыр-сыры мол дүние» айдарларынан көп мағлұмат алуға болады. Ал «Тәуелсіз елдің баласымын», «Анам сенсің, туған жер!», «Абай және мен», «Намысымсың, туған тіл», «Ойландырар 15 сұрақ», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Суреттер сөйлейді», «Алуан түрлі жүйрік бар», «Сурет бәйгесі» бәйге-байқаулары арқылы оқушылар шығармашылық бәсекеге түседі. 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.
«Балабек» журналы.
Елімізде балаларға арналған «Балабек» атты жаңа журнал жарық көрді. Ол түрлі-түсті суреттермен көркемделіп, ай сайын шығатын болады. Басылым 6-11 жас аралығындағы жеткіншектерге арналған.

Басылымның мақсаты – ұлтының уызына жарыған ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу. Журналда балалардың біліміне білім қосатын, таным көкжиегіен кеңейтетін, олардың отаншыл, рухты, зияткер болып өсуіне ықпал ететін тағылымды айдарлар аз емес. «Астана –

Отанымыздың жүрегі» – патриоттық тақырып. «Менің елім» – аймақтар шежіресі. «Қорықшы атайдың әңгімесі» – туған жердің табиғаты жайлы. «Балабектің» саяхаты» – жер-жиһанды аралатады. «Осы рас па?», «Төрт түлік», «Сен білесің бе?», «Жеріміздегі жеті керемет» секілді топтамалар баланың қиялын шалқытады, ой-өрісін дамытады.
«Балалар әлемі» журналы.
«Балалар әлемі» – әсем безендірілген суреттерімен, шығармаларымен, ғылым мен ғаламның қызықты деректерімен жас бүлдіршіндерді сиқырлы әлемге жетелейтін журнал. Оның өзектілігі – балалардың кітап оқуға деген құмарлығын арттырып, мәдениетті болып өсуіне тәрбие береді, жалпы рухани дүниесін байыта түсуге ат салысады.
«Балбұлақ» журналы.
«Балбұлақ» - балалардыың республикалық журналы. Бұл журналды жасап дайындайтын өздерің сияқты балалар екенін естеріңнен шығармаңдар! Балалар, өздеріңе арналған бұл журналдың әр санынан Қазақстан тарихы, қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, өздеріңнің құқықтарың жайлы жазылған мақалаларды, сонымен қатар бос уақыттарыңды қызықты да, пайдалы өткізу, ой-өрістеріңді кеңейту үшін берілген сөзжұмбақтар, ребустар, жұмбақтар мен мақал-мәтелдерді оқи аласыңдар.
"Мөлдір бұлақ" журналы.
Ай сайын шығатын әдеби-көркем, танымдық журнал. Қазақстан Республикасына кең танымал жасөспірімдерге арналған басылым. Сапалы, мағлұматқа толы танымдық  материалдарымен алда келеді. Журнал беттерінде 4-8 сыныптарға арналған тұрақты түрде тест тапсырмалары беріледі. Басылымның басты ерекшелігі сонда, оқырмандарын қазақстандық балалар жазушылардың шығармашылығымен ғана сусындатып қоймай, жас буынның өз шығармаларымен де бөліседі. Олардың қазіргі заманға деген көзқарасы  барша жасөспірімдерге, қатарластарына және ата-аналарына түсінікті және қызықты.

"Бауырлас ел әдебиеті" айдарында түркі тілдес балалар ақын-жазушылардың өмірбаяны мен шығармашылығымен таныса аламыз. Оқушылардың білімін арттыру мақсатында "Достық" білім беру орталығының құрастырған тест тапсырмалары беріліп отырады. Әр сыныпқа әр түрлі деңгейде қазақ тілі, математика, дүниетану, орыс тілі және т.б. сабақтардан тесттер бар.
Жоғарыда аталып өткен журналдардың барлығы пайдалы және қызықты ақпараттар бере отырып, балалар мен жасөспірімдердің ойда жүрген сұрақтарына жауап бере алады. Сонымен қатар, балаларды алғыр, жан-жақты етіп тәрбиелейді, бос уақыттарын пайдалы етіп өткізуге көмектеседі.
«Қазақстан патриоты» журналы.
Мұнда жоғары сынып оқу­шылары мен студент-жастар бой­ында терең патриоттық се­зім­ді қалыптастыру нысана етіл­ген. Онда оқырман жүре­гінде Отанға деген сүйіспенші­лікті арттыруға әсерін тигізетін жарияланымдар басылады. Сон­дай-ақ еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қорғау мен оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолында жасалынып жат­қан игі шаралар баяндалады.

Басылымда сондай-ақ қазақ хал­қының азаттығы мен тәуел­сіздігі жолында жан аямай күрескен қаһармандар, екінші дүниежүзілік соғыстың батыр­лары мен майдангерлері, ке­шегі Ауған соғысының ардақ­тылары, бүгінде еліміздің Қару­лы Күштерінде қызмет етіп жүрген сардарлар мен сарбаз­дар туралы өнегелі әңгімелер жа­рияланады. Бұдан басқа бо­лашақ отан қорғаушылар бұл басылымнан жаңа әскери қару-жарақтардың сан алуан түрле­рімен – танкілер, ұшақтар, сүңгуір қайықтар, тағы басқа осы заманғы озық техника­лар­дың алуан түрлерімен таныса алады, олар жайында қызықты мағлұмат­тарға қанығады.
«Ерке бала» журналы.
Балаларды қызықтыратынның барлығы – көрнекті суреттер мен көңілді комикстерде. Еліктіргіш ойындар мен шығармашылық, фантастикалық сюжеттер мен шынайы деректер – қазақ тіліндегі комикстерде.
«Балапан бағы» журналы.
Өздерінің жан-жақты дамып, тіл қорын байытып, ұлттық салт-дәстүрді біліп, сурет салуға ынта қойып, әдебиетті сүйіп, кітапты қызыға оқу үшін «Балапан бағы» көмекке дайын.

Олай дейтініміз, оның беттеріне оөдерің салған сәтті суреттер, ойлы мақала, ертегі, әңгімелер, өлең-жырлар, құрастырған сөзжұмбақтар жарық көреді.
"Балдырған" журналы.
Журнал қазақ тілінде шығады. Кішкентай және орта жастағы балаларға арналған. 1958 жылы журналдың алғашқы саны жарық көрді. Осынау жарты ғасырда ол өз оқырманын  сүйіспеншілікпен мойындата білді. Мұнда жарияланатын өлеңдер мен суреттер ой салады, жақсы мен жаманның аражігін ажыратуды үйретеді. Оқырманы журналдың әр санынан көптеген қажетті материалдарды өздері және ата-аналары арқылы оқып біле алады."Балдырған" журналы –  әр нәрсеге әуес, жан-жақты, білуге құштар балаларға  арналған. Бүкіл отбасы оқитын басылым.
«Балақан» журналы.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған. Әрбір оқушы, ұстаз, ата-аналар осы журналдың меншікті тілшісі бола алады. Журналдың әр бөліміне арнап өз шығармашылық жұмыстарыңызды жіберуге болады.
«Алақай. Балақай» журналы.
Журнал беттерінде қызықты ертегілер, әңгімелер, өздеріңе арналып әртүрлі тапсырмалар берілген. Журнал бетіндегі ойжұмбақтарды шешуде тапқырлық көрсетіп, жеңімпаз атануыңа, сурет салуды, кәдімгі қағаздан әртүрлі аңдар, құстарды жасауды үйренуіңе журнал көп көмек көрсетеді.