Day: Қаңтар 31, 2020

«Көбелектер аппликациясы»

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінде мүмкіндігі шектеулі балаларға «Шебер саусақтар» креативті қолөнер үйірме аясында «Көбелектер аппликациясы» атты шығармашылық мастер-классы өткізілді. Әлеуметтік қызметкерлер балаларға өз қолдарымен түрлі-түсті қағаздан “Көбелектер” аппликациясын жасау жолдарын көрсетті. Балалар аппликацияны жасау үшін картон, қайшы, желім, газеттер қолданды. Шара соңында кітапханашылар Т. Ю. Хохлова мен Т. Е. Ракишева қатысушыларды қолөнер бойынша тақырыптық […]

«Абай таным сатылары»

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығын мерекелеу аясында №24 мектеп-гимназиясының 6 «а» сынып оқушыларының қатысуымен Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері «Абай таным сатылары» атты танымдық сағатын өткізді. Кітапханашы Т. Е. Ракишева оқушыларды Абайдың өмірбаянымен шығармашылық мұрасымен, “Абай жолы”, “Құнанбай” атты кинофильмдерімен, қаламыздағы Абай ескерткішінің тарихымен, әлем бойынша ұйымдастырылған ақындық Абай-челленджімен таныстырып өтті. Сонымен қатар […]