Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашысы Т.Е.Ракишева Дүниежүзілік балалар күніне арналған онлайн ақпарат-көрме ұйымдастырды. Тақырыпқа сай ұйымдастырылған онлайн ақпарат-көрме Балалар құқықтары туралы конвенция жайында балаларды ақпараттандыру, құқықтық білімдерін тереңдету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеуге арналған. Сонымен қатар бейнематериалда шұғыл құтқару қызметінің телефон нөмірлері көрсетілген. Іс-шараны толығымен біздің әлеуметтік желіміздің аккаунттарынан тамашалай аласыздар.