Day: Наурыз 4, 2021

«Ертеде бір ертегіші болыпты»

Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Е.Шварцтың 125 жылдығына орай «Ертеде бір ертегіші болыпты» атты библиография күнін ұйымдастырды. Библиография күні «Евгений Шварцтың ғажайып қобдишасы» атты буктрейлерінен құрастырылған. Іс-шара барысында кітапхана қызметкері Е.Шварцтың өмірі мен шығармашылығын таныстырып өтті. Кішкентай тыңдармандар «Жоғалған уақыт туралы ертегі» фильмінен үзінді тамашалады. Іс-шара виртуалды кітап көрмесіне шолу жасаумен өз мәресіне жетті.