«Білімпаз» клубы аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Ойлан, ойна, тап!» турнирін өткізді. Турнирге «Ақылды марғау» және «Данагөй үкі» атауымен екі команда қатысты. Балалар мақал-мәтелдерді жарыса тауып, «Барлығы бәрі туралы» викторинасының сұрақтарына белсене жауап берді. Сондай-ақ, іс-шараға орай «Бәрін білгім келеді» атты кітап көрме ресімделді.