«Кітапхана және балабақша»


9 қаңтар күні ОБК-ның библиографы Е.Касенова №2 «Балдырған» балабақшасының қызметкерлеріне «Кітапхана және балабақша» атты маман күнің өткізді. Мамандар күні балабақша тәрбиешілерін балалармен жұмыс істеуге көмектесетін әдістемелік әдебиеттермен таныстыру мақсатында өтті.
Кітапханашы Е.Қасенова іс-шараны Б.Әлімжановтың «Кітапханашылар» өлеңімен ашты. Сондай-ақ, библиограф мектеп жасына дейінгі балаларды оқумен таныстырудың әдістері мен формалары туралы айтып өтті. Сонымен қатар жылдық кітапхананың жоспарымен таныстыра отырып, одан әрі бірлесе тығыз жұмыс істеуге шақырды. Тәрбиешілердің назарына «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» атты кітап көрмесімен таныстырып, әр түрлі сериядағы балалар кітаптарына, «Отбасы мен балабақша», «Бала мен балабақша» атты басылымдарға шолу жасалды.

Updated: Қаңтар 10, 2020 — 12:07 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған