«Өлеңдер мен ертегілер жинағы»


«Дауысты кітап» клубы аясында орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Радуга» балабақшасының бүлдіршіндеріне арнайы барып А.Усачев кітабы бойынша «Өлеңдер мен ертегілер жинағы» атты дауыстап оқу шарасын өткізді. Аталмыш шара бүлдіршіндерді мұқият тыңдауға үйрету, олардың кітапқа деген қызығушылығын ояту мақсатында ұйымдастырылды. А.Усачевтің балаларға арнап жазған қай шығармасын алсақ та, ол ең алдымен тартымды оқиғаға, қызықты сюжетке, өткір ойға құрылған.
Кітапханашы бүлдіршіндерге «Сиқырлы себет», «Ине не үшін қажет?», «Үш бақа туралы ертегі» ертегілерін, сондай-ақ «Аквариум», «Инелік», «Кішкентай кеме» сынды балаларға арналған өлең шумақтарын оқып берді.

Updated: Қазан 27, 2022 — 2:44 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған