«Оқу жаңалық ашумен тең»

«Оқы. Талқыла. Суретте» үйірмесі аясында орталық кітапхананың балалар бөлімінің қызметкерлері №10 ЖОМ 6 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Оқу жаңалық ашумен тең» атты жас колумбтар сағатын өткізді.
Балалар «Кітап әлеміне саяхат»; «Кітаптағы сандар сөйлейді», «Бір кітап мың адамға рухани азық», «Оқу – ең жақсы білім!» және т.б. байқауларға белсене қатысты.
Сондай-ақ балалар түрлі ертегілер бойынша «Сиқырлы шумақ» электронды ойынына және қазақ және қазіргі балалар әдебиеті бойынша «Әдеби ринг» викторинасына ерекше қызығушылық танытты.
Іс-шара соңында балалар «Кел, балалар, келіңдер. Қызық кітап көріңдер!» кітап көрмесімен танысты.

Updated: Наурыз 30, 2023 — 11:23 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған