«Ғажайып бұршақ»


Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №17 ЖОМ-тің «Достық» лагерінің оқушыларына «Ғажайып бұршақ» атты ойын бағдарламасын өткізді.
Іс – шара бұршаққа арналған жұмбақтарды табудан басталды. Содан кейін кітапханашы бұршақ туралы ежелгі көкөніс дақылдарының бірі ретінде айтып өтті. Балалар бұршақ туралы, бұршақ қалай пайда болғандығы, бұршақтан қандай тағамдар дайындауға болатындығы туралы ең қызықты және күтпеген фактілерді білді. Ең батыл, жылдам балалар «Бұршақ», «Бұршақты құртпен домалату» конкурстарына қатысты . Іс-шараның соңында балалардың назарына «”Бір бұршақ, екі бұршақ” атты мультфильмі ұсынылды.

Updated: Шілде 12, 2022 — 5:26 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған