«Әке-шаңырақтың негізгі тірегі»
Орталық балалар кітапханасында №22 гимназия-мектебі оқушыларының қатысуымен Әкелер күнін мерекелеу аясында «Әке-шаңырақтың негізгі тірегі» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.
Шара басында кітапханашы Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесі жаңа мерекемен, яғни Әкелер күні мерекесімен толығып, Қазақстанда бұл күн жақында аталып өтіле бастағанын айтып, балаларға шағын ақпарат беріп өтті. Балалар әкелеріне мінездеме беріп, демалыс күндері отбасымен қалай өткізетіні туралы мақтанышпен әңгімеледі. Сондай-ақ балалар қиялдарына ерік беріп, «Менің сүйікті әкем» тақырыбында әкелерінің суреттерін ақ қағаз бетіне түсірді. Іс-шара соңында балалар әкелеріне мейірімге толы жүректерінен шыққан ыстық лебіздерін білдірді.