Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай «Планета дауысы» атты буктрейлерін ұсынды. Аталмыш буктрейлерде экологиялық проблема, Семей полигонында болған оқиғаның салдары және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жайында баяндалды. 1949 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонында тұңғыш рет атом бомбасы сынақтан өткізілді. Араға тура 42 жыл уақыт өткеннен кейін ғана – 1991 жылы 29 тамызда зұлматты сынақтарға нүкте қойған «Семей сынақ ядролық полигонын жабу туралы» Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық біржақты тәртіппен әлемдегі ең ірі ядролық сынақ полигондарының бірін біржолата жапты. Бейнебаян соңында виртуалды кітап көрмесі ұсынылды.