«Бақыт құсы»


«Дауысты кітап» клубы аясында орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №20 балабақша бүлдіршіндері үшін дауыстап оқу шарасын өткізді. Орталық балалар кітапханасының кіші абонементінде жаңа кітаптар мен мерзімді басылымдарға толы кітап көрме ұйымдастырылды. Кітапханашы С.Қалиұлының «Бақыт құсы» ертегісін дауыстап оқып берді.
Одан әрі кітапханашы балаларға «Қайсысы күшті?» кітабынан өлеңдер, жаңылпаштар, санамақтар оқып, жұмбақтар жасырды.

Updated: Қазан 16, 2023 — 12:22 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған