2021 жылдың 7 сәуірінде Орталық балалар кітапханасының ұжымы әлеуметтік желінің жас қолданушыларына Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Сап-сау болғым келеді»/пайдалы ас туралы/ танымдық сағатын өткізді.
Іс-шара елде орын алған шектеу шараларына байланысты онлайн форматта өтті. Іс-шара барысында адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану, тамақтануға ерекше көңіл бөлу жайлы сөз қозғалды. Балалардың тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізетіндігі жайында ақпарат берілді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта балалардың жақсы көретін тағамдары қытырлақ картоп, түрлі газдалған сусындар, яғни фаст-фуд тағамдарының адам ағзасына зиян екендігін, көп қолданған жағдайда адам бірнеше ауруға душар болатыны жайында түсінік беріліп, алдағы уақытта табиғи таза тағамдарды қолдануға бағыттады. Әлеуметтік желінің жас қолданушыларына виртуалды кітап көрмесі жасақталды. Іс-шара виртуалды кітап көрмесін тамашалаумен өз мәресіне жетті.