«Орам, домалақ алма»


Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері №6 ЖОМ-нің 3-сынып оқушыларының қатысуымен «Орам, домалақ алма» атты шарасын өткізді.
Шара басында кітапханашы С.Тұрсынханова алма және алманың адам денсаулығына пайдалы қасиеттері, алманың сұрыптары, қандай дәрумендерге бай екендігі туралы мәлімет беріп, сондай-ақ алма туралы пайдалы мағлұматқа қаныққан балаларға «Алма туралы 10 дерек» атты бейнеролик көрсетілді. Одан әрі балалар жасырылған жұмбақтарды шешіп, түрлі сұрақтарға жауап беріп, қызықты сайыстарға қатысты. Шара соңында балалар «Жай ғана алма емес» мультфильмін тамашалады.

Updated: Қазан 12, 2022 — 11:04 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған