Ою-өрнек – ежелгі халық өнерінің бір түрі. Қазақ халқы ежелден өнерді бағалап, әрі ұрпақтан ұрпаққа қастерлеп жеткізе білген. Ою-өрнектердің сюжеттік мазмұны және атауы халықтың әрбір жаңа дәуіріндегі өмірлік бағдарлардың ерекшеліктеріне сәйкес ауысып отырды және жетілдірілді. Бүгінгі күні ою-өрнектерді жасау өнері сапалы жаңа бай мазмұнға және жаңашылдыққа ие бола отырып, қазақ халқының рухани және материалдық қазынасына айналды.
Орталық балалар кітапханасының ұжымы Екібастұз өңірінің қолөнер шеберлерімен бірлесе отырып «Ұлттық ою-өрнек» шеберлік сағатын өткізді. Қолөнер шеберлері қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрлері, шығу тарихы, мағынасы жайлы әңгімелеп, ұлттық нақыштағы бұйымдарды жасау бойынша өз шеберліктерін көрсетті.