«Адасқан мақал-мәтелдер»


Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Адасқан мақал-мәтелдер» атты викторина өткізді. Оқушылардың зияткерлік шығармашылығын мектеп жасынан дамыту, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, мақал-мәтелдерді қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға №21 ЖОМ-нің 3-сынып оқушылары қатысты.
Іс – шара басында жүргізуші балаларға мақал-мәтел жайында түсінік беріп, мақал мен мәтелдің айырмашылығын айтып өтті. Балаларға түрлі тапсырмалар берілді. Соның бірін айтар болсақ, балалар адасқан мақал-мәтелдерің жетіспей тұрған сөзін тауып, дұрыс нұсқасын айтып беру қажет. Мысалы: «Хоть тресни, синца, а куста боится.(Хоть тресни, синица ,а не быть журавлем! Пуганая ворона и куста боится )», «Ученье свет. Скоро состаришься. (Ученье – свет а не ученье – тьма. Много будешь знать – состаришься.)», «Старый друг все равно в лес смотрит.(Старый друг лучше новых двух. Сколько волка не корми, он все равно в лес смотрит.)». Балалар тапсырмаларды қызығушылықпен және белсене орындады.

Updated: Сәуір 15, 2022 — 2:17 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған