«Анаға сый»


Балалар оқу орталығының қызметкерлері Аналар күні қарсаңында «Анаға сый» атты шеберлік сағатын өткізді. Аталмыш шараға №6 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.
Шеберлік сағатты бастамас бұрын кітапханашы оқушыларға анаға құрмет тақырыбында әңгіме өрбітті. Сондай-ақ балаларда аналарына деген сүйіспеншіліктерінің шексіз екенін білдіріп, аналарын қуанту үшін барын салатындарын айтып ағынан жарылды.
Шеберлік сағатта кітапханашы қағаз майлықтарының орамдарынан гүлсауыт, ал жұмыртқа науасынан гүл шоқтарын қалай жасау керектігін үйретті. Одан әрі балалар гүлсауыт пен гүлшоқтарын өздері жасауға кірісті. Жасаған заттарын безендіріп түрлі-түсті түске бояды. Балалар өздерінің жасаған жұмыстарына риза болды.

Updated: Мамыр 13, 2024 — 2:06 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған