«Жүз жыл жырлаған ақын»

Биыл жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толады. Екібастұз қаласының Орталық балалар кітапханасында ақын Жамбыл Жабаевтың мерейтойына арналған ақпараттық сағат өтті.
Іс-шараға №2 мектептің 6-сынып оқушылары шақырылды. Ақпараттық сағат барысында Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша баяндалып, бейнероликтер көрсетілді. Ақынның өмірінің соңғы жылдарында тұрған үйі, қазіргі әдеби-мемориялдық мұражайы туралы айтылды.
1941 жылдың 8 қыркүйегінде неміс басқыншылары Ленинградты қоршауға алып, бомбаның астында қалдырды.
Осы кезде ақын Ленинрадқа табаны ешқашан тимесе де, халық рухын көтерген тамаша толғау жазды. Оның бұл өлеңі қоршауда қалған мыңдаған аш¬-жалаңаш жанның дәтке қуат етер бойтұмарына айналды.
Балалар «Ленинрадтық өренім» атты өлеңінен үзінді көрсетілген бейнероликті тамашалады. Жамбыл Жабаевтың Ленинградты қорғаудың нағыз ауыр күндерінде шығарылған «Ленинградтық өренім» Ұлы Отан соғысы кезіндегі поэзияның ең таңдаулы туындыларының бірі болды. Іс-шара соңында кітапханашы оқушыларды «Жыр алыбы-Жамбыл» атты кітап көрмесімен таныстырды.

Updated: Сәуір 21, 2021 — 5:39 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған