Қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күні. Осыған орай № 4 балалар бөлімінің (Солнечный кенті) кітапханашылары мүмкіндігі шектеулі балаларға «Жырлайды жүрек» атты сазды кеш өткізді.
Шара барысында балалар өздерін жан-жақты, өнерлі екендерін көрсете білді. Әсем ән, ырғақты би, сурет салып, өлең оқыды. Содан соң балалар кітапханаға саяхат жасап, жаңа әдебиеттермен танысты. Кеш соңында естелік суретке түсіп, қызыққа кенелді.