Орталық балалар кітапханасында Қазақстанның жас жазушысы Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
«Болмаған балалық шақ» повесі – 2008 жылы жазылып, көп ұзамай әлеуметтік желілер арқылы кеңінен тарап, қазақ интернет бестселлеріне айналған бірегей шығарма.
Ақын Ақберен Елгезектің проза жанрында шығып отырған тұңғыш кітабы.
Бұл кітаптың қосар үлесі ата – аналар үшін, ересек қауым үшін өте зор. Автор төрт жасында әкесіз қалып, балалық шағының күндері қиындықпен өткені баяндалады. Кішкентай жүректің үлкен өмірмен арпалысын суреттейтін, эмоциялық күрделі тебіреніске толы табиғаты оқырманды баурап алатын кітаптан керемет әсер алуға болады.