Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығына орай орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашысы Т.Е.Ракишева «Семипалатинский полигон: память и боль» онлайн ақпарат күнін өткізді.
Бейнероликте осы атаулы күн, сондай-ақ «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы туралы қысқаша ақпарат берілді. Тақырып аясында кітап көрмесі жасақталды. Аталмыш көрмеден Қ.Б. Бозтаев «Семей полигоны», Р.Сейсенбаев «Тоска по отцу, или День, когда рухнул мир» және т.б. кітаптар орын алды. Бейнероликті біздің әлеуметтік желілерімізден толық көре аласыздар.