«Дауысты кітап» клубы аясында балалар оқу орталығының кітапханашысы Т.Е. Ракишева №9 балабақшаның кіші топтарына арнап С.Я. Маршактың «Сказка о глупом мышонке» атты өлеңін дауыстап оқып берді. Іс-шараның басында автордың өмірбаяны мен шығармашылығына қысқаша тоқталып өтті.
Кітапханашы өлеңді оқи отырып кітаптағы қызықты иллюстрацияларды көрсетті. Балалар әдеби викторинаның сұрақтарына жауап берді.
Бүлдіршіндерге кітапты ұқыпты ұстау керектігін айтты. «Весь мир в детских книгах» кітап көрмесінде С.Я. Маршактың «Девчонкам и мальчишкам», «Золотое колесо», «Вот какой рассеянный», «Детям» және т.б., сондай-ақ «Ертегілер елінде», «Волшебная книга» сериясымен шыққан ең көп сұранысқа ие балалар кітаптары ұсынылды.