Табиғаттың шипалы сыйы – бал

5 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық күніне қарсаңында Орталық балалар кітапханасында №24 мектеп оқушыларымен “Табиғаттың шипалы сыйы – бал” атты денсаулық сағаты өтті.

“Алтын ара” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітапханашы Г.С. Сарымова балаларға бал және оның емдік қасиеттерін, омарта шаруашылығы жайлы, бал араларымен байланысты белгілері, сондай-ақ өздерін араның шағуынан қалай сақтануға болатыны туралы айтып берді. “Балды қалай жасайтыны”, “Бал өңдіру тәсілдері” жайлы бейнероликті тамашалады. Іс-шара соңында балалар балдың барлық түрлерінен дәм татты.

Updated: Сәуір 5, 2019 — 10:15 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған