«Сиқырлы сандық»
«Сиқырлы сандық» үйірмесі аясында орталық балалар кітапханасының қабырғасында «Волк ябедник», «Как аукнется, так и откликнется» және «Ит өзіне қалай дос іздеді?» атты ертегілері қуыршақ театры арқылы сахналанып көрсетілді. Қойылымға №6 арнайы мектебінің «Балдәурен» мектеп жанындағы алаңның оқушылары, мүгедек балалар мен әлеуметтік қызметкерлер қатысты.
Балалар жасынан таныс ертегілерді зор қызығушылықпен тамашалады. Қойылымды тамашалап болған соң, ертегі кейіпкерлері ертегі бойынша балаларға сұрақтар қойды, жұмбақтар жасырды. Ал біздің кішкентай көрермендеріміз болса, қойылған сұрақтарға белсене жауап беріп, өз білімдерін көрсете білді.