«Суретші шеберханасында»


Орталық балалар кітапханасының қабырғасында көркемсурет мектебінің оқушылары арналған орыс суретшісі Иван Константинович Айвазовскийдің туғанына 205 жыл толуына орай «Суретші шеберханасында» атты арт–сағат болып өтті.
Бейнелеу өнерін насихаттау, жастарға эстетикалық тәрбие беру, кітапхана қорындағы бейнелеу саласының кітаптарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға оқырмандар, кітапханашылар қатысты.
Көрнекілік құрал ретінде «Тулаған теңіз толқынымен тіл табысқан» атты кітап көрме ұйымдастырылып, көрмеге шолу жасалды. Ұлы суретшінің өмірі мен шығармашылығы туралы «Теңіз әншісі» слайд-презентациясы, «Иван Айвазосвийдің жан біткен суреттері», «Айвазовский қазыналары» атты бейнероликтер көрсетіліп, келушілер қылқаламды серік еткен суретшінің экранда бір–бірін алмастырған керемет теңіз пейзаждарын тамашалады.
ОБК меңгерушісі Г.Елубаева Айвазовскийдің өмірбаяны мен шығармашылық жолы, сондай-ақ өмірінің қызықты деректері жайында әңгімелеп берді.
Ұлы суретшінің өмірінен белгілі деректілер көпшіліктің зор қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ ұлы суретшінің тек суретші ғана емес, сондай-ақ музыкаға, археологияға жақын болғанын білісті.

Updated: Ақпан 10, 2022 — 11:06 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған