Орталық балалар кітапханасының қабырғасында экономика жайында мағлұмат беріп, ой-өрістерің кеңейтуге арналған «Көңілді экономика» атты танымдық ойын ұйымдастырылды. Адам бойында тәртіптілік, ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық т.б. қасиеттерді дарытуға бағытталған іс-шараға Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиелеушілері қатысты.
Ойынның мақсаты – балаларды «экономика», «үнемдеу», «үнемді», «сараң», «ысырапшыл», «кәсіпкерлік» сынды сөздердің мағынасымен таныстыру және балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорын кеңейту, үнемділікке тәрбиелеу.
Ең алдымен балалар мультфильм тамашалап, аталмыш мультфильмнен «экономика» сөзін ең алғаш грек философы Аристотель ойлап тапқандығы жайлы, сондай-ақ «ұқыптылық», «үнемшіл», «сараң», «ысырапшыл» сынды сөздердің мағыналарымен танысып, аталмыш сөздер жайлы ақпар алды.
Іс-шара «Қиын астарлы сұрақтар», «Сөзді аяқта» және т.б. ойындар ойнаумен жалғасын тапты. Балалар ойындарға белсене қатысты.