«Мен және менің құқығым»

Орталық балалар кітапханасы қабырғасында «Мен және менің құқығым» атты іскерлік ойыны болып өтті. Оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру мақсатында ұйымдастырылған шараға №26 мектеп гимназиясының 9-сынып оқушылары, ұстаздар қатысты. «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбымен слайд тізбектемелері көрсетілді.
Шара келесідей бірнеше бөлімдерден тұрды: «Сендердің құқықтарың туралы конвенция», «Дауыстап оқиық және есте сақтайық», «Ой жалғау», «Сөз шебері». Сонымен қатар, оқушылар кітап көрмемен танысып, кітапхана ішін аралап көрді. «Мен және менің құқығым» атты іскерлік ойыны оқушыларға өте ұнады және балалар құқығы жайында көптеген мәліметке қанық болды.

Updated: Қараша 15, 2022 — 3:59 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған