«Ойнаймыз, оқимыз, демаламыз – уақытты тиімді пайдаланамыз»


Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері «Дауысты кітап» клубы аясында 9 балабақшаның кішкентай бүлдіршіндеріне арнап «Ойнаймыз, оқимыз, демаламыз – уақытты тиімді пайдаланамыз» дауыстап оқу шарасын өткізді. Балалар кітапханада кітаптармен ғана емес, сондай-ақ балалар журналдарымен де танысты. Балаларға «3/9 Патшалық» журналынан «Бұқашық» атты ертегі дауыстап оқылды. Балалар ертегіні қызығушылықпен ұйып тыңдады. Былдыраған тәтті тілдерімен қойылған сұрақтарға жауап беруге тырысты. Ертегіні оқығаннан кейін балалар ертегі тақырыбына сай әзірленген бояғыш суреттерді әркім өз қиялына қарай бояуға кірісті. Одан әрі адасып жүрген аюға балалар ептілік танытып, түрлі қиын шытырманнан өтіп, бал құйылған құмыраға жетуге көмектесті. Осылайша, балалар қызықты ойындар ойнап, түрлі тапсырмалар орындап, мәз-мейрам болды.

Updated: Ақпан 21, 2023 — 9:58 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған