«Русской речи государь, по прозванию Словарь»
Орталық балалар кітапханасында «Русской речи государь, по прозванию Словарь» кітапханалық сабағы өтті.
Аталмыш сабақтың мақсаты – балалардың сөздіктер туралы білімдерін кеңейту, олардың әртүрлілігі мен әрқайсысының мақсатын көрсету, сөздіктермен практикалық жұмыс дағдыларын бекіту, кітаппен жұмыс мәдениетін тәрбиелеу.
Басты міндеті – әр түрлі сөздіктерді қолдануға үйрету.
Іс-шара барысында балалар бейнеролик тамашалап, бейнероликте сөздік және сөздіктердің түрлері, оларды қалай пайдалану керектігі жайлы ақпарат берілді. Сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін маңызын жоймаған В.И.Дальдың түсіндірме сөздігі жайында баяндалды. Кітапханашы бұл түсіндірме сөздікті жасауда В.И. Даль 50 жылдан астам уақытын сарп еткендігін атап өтті. Іс-шара соңында балақайларға бірқатар тапсырмалар берілді.