«Адамдарға қуаныш сыйлау үшін мейірімді және сыпайы болуың керек»

Орталық балалар кітапханасында «Адамдарға қуаныш сыйлау үшін мейірімді және сыпайы болуың керек» тақырыбында әдептілік сағаты болып өтті. Әдептілік ережелерімен таныстыру, достарына, үлкендерге деген құрмет сезімін ұялату мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға «Жас дарын» репетиторлық орталығының балалары қатысты. Іс-шара барысында балалар «әдеп», «әдептілік» сөзінің мағынасымен, сондай-ақ әдеп талаптарымен танысты. Көлікте, мектепте, қоғамдық жерлерде телефонмен сөйлескенде өзін-өзі ұстау ережелеріне қатысты сұрақтармен викторина өткізілді. Сонымен қатар, балалармен «Сыпайы-әдепсіз», «Әдепті сөздерді тап», «Иә» немесе «Жоқ» және т.б. ойындар өткізілді. Балалардың назарына «Жақсы тәрбие сабақтары», «Әдеп. Әдептілік мектебі» атты мультфильмдер ұсынылды. Шара соңында балалар «Сыпайылық әліппесі» атты кітап көрмені тамашалады. Осылайша, балалар бізге әдептілік танытып, өздеріне қызықты мағлұмат алғандарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Updated: Тамыз 10, 2022 — 4:34 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған