Балалар оқу орталығының қызметкерлері көркемсурет мектебінің оқушыларына арнап «Менің елім – менің мақтанышым» атты әдеби квиз шарасын өткізді. Шараға арнайы «25 қазан – Республика күні!» атты кітап көрмеі безендіріліп, жұртшылық назарына ұсынылды. Әдеби квиз төрт кезеңнен тұрды: «Авторды тап», «Бұл қандай шығарма?», «Халық даналығы» және «Блиц-сұрақтар». Оқушылар шығармалар мен олардың авторларын еске түсіріп, кітапханашының сұрақтарына […]
Month: Қазан 2025
«Жануарлар әлемінде»
«Дауысты кітап» клубы аясында балалар оқу орталығының қызметкерлері №16 сәбилер бақшасының бүлдіршіндеріне арналған дауыстап оқу іс-шарасын өткізді. Шараға арнайы жануарлар туралы ертегілер таңдалып, дауыстап оқылды. Кітапхананың оқырман залында жануарлар туралы энциклопедиялық кітаптардан көрме ұйымдастырылып, кітапханашы әр кітапқа қысқаша шолу жасап өтті. Сонымен қатар балалар «Бұл жануар немен қоректенеді?», «Қай жерде тіршілік етеді?», «Қандай ерекшелігі бар?» […]