«Қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптейік!»

Орталық балалар кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №2 мектеп оқушыларына арналған «Қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптейік!» атты әдеби-этнографиялық саяхат өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімдерін қалыптастыру, оқушылардың қазақ халқының мәдениетіне деген қызығушылығын ояту, оқушылардың өз елінің, өз халқының адамгершілік-рухани мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу, дәстүрлерді зерттеу арқылы балалардың қазақ халқының тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін кеңейту. Іс-шара қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты «Шашу» дәстүрімен басталды. Бейнероликтерді тамашалағаннан кейін балалар «Сәлемдесу», «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Ерулік », «Беташар» сияқты қазақтың ежелден келе жатқан озық салт – дәстүрлерімен танысты. Балаларға көрнекі түрде «Құлақ тесу» дәстүрі көрсетілді. Кітапхана қызметкерлері балаларға әлемнің ең көне мейрамдарының бірі һәм бірегейі – «Наурыз» мейрамы жайлы сөз қозғап, аталмыш мейрамның шығу тарихымен таныстырып өтті. Сондай-ақ оқушылардың«Қазақ киіз үйінің жабдықтары», «Қазақтың ұлттық киімдері және тағамдары» жайында білімдерін толықтырып, көптеген қызықты мағлұматтар берілді. Бата беру – адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.Кітапхананың тұрақты оқырманы Күлмұханов Жансағын ата ақ ниетпен бата беріп, осымен іс-шара тәмам болды. Кітапханамыздың оқу залында «Дәстүр – әлеуметтік – мәдени мұра» атты кітап көрмесі жасақталды.

Updated: Қазан 13, 2021 — 4:11 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған