«Бәріміз бірге оқиық!»


«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында өз орнын тауып келеді. ОҚК балалар бөлімінің кітапханашысы Ж.Бектасова «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Бәріміз бірге оқиық!» атты әдеби уикенд шарасын өткізді. Іс-шара Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының қабырғасында өтті. Аталмыш іс-шараға лицей-интернатының 7 «А» сынып оқушылары мен мектеп кітапханашысы қатысты.
ОҚК балалар бөлімінің кітапханашысы Ж.Бектасова танымал қазақстандық авторлардың балалар әдебиеті саласындағы үздік шығармаларынан кітап көрмесін ұйымдастырып, Ж.Бекбатырова слайд тізбектемесін дайындады.
7 «А» сынып оқушылары С.Мейрембек пен Т.Хадал Ыбырай Алтынсаринның «Өнер-білім бар жұрттар» атты өлеңін жатқа айтып берді. Кітапханашы Ж.Бектасова осы өлеңге талдау жасап, әр шумақтарын жұмбақтап, оқушыларға сұрақтар қойды. Оқушылар қойылған сұрақтарға белсенділікпен жауап берді. Сонымен қатар, кітап көрмесінен орын алған барлық кітаптарға шолу жасалды, Iс-шараның соңында кiтапханашы оқушыларды көрмеде ұсынылған кiтаптармен таныстырды. Осы шараны ұйымдастырғаны үшін оқушылар мен кітапханашы Ж.Бекбатырова Ж.Қ. Бектасоваға алғыстарын білдірді.

Updated: Мамыр 20, 2021 — 3:36 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған