ОҚК балалар бөлімінің кітапханашысы Т.Ракишева Славян жазуы мен мәдениеті күніне орай «Алтыннана шашу шашқан орыс сөздері» онлайн кітапханалық сабағын өткізді. Елімізде орын алған шектеу шараларына байланысты іс-шара онлайн форматта өтті. Тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып, бейнебаян дайындалды. Кирилл мен Мефодий тарихқа ең алдымен славян алфавитін жасаушылар ретінде енді. Кирилл мен Мефодийдің славян алфавитін құру тарихы, оны І Петр кезінде жүргізген реформасының тарихының құрылуы жайында қысқаша ақпарат келтірілді. Мақал-мәтелдер тәрбиелік жағынан да, балалардың сөздік қорын молайтуда да теңдесі жоқ мұра екенін мойындай отырып, сабақ соңында оқырман Егор Березкин әлеуметтік желінің жас қолданушыларына мақал-мәтелдерді мағынасына қарай толықтырып аяқтау жаттығуын ұсынды. Балалар белсенділік танытты.