«Күзгі жапырақтар»

ОҚК балалар бөлімінің кітапханашысы Т.Е. Ракишева «Өркен» шығармашылық зертханасы аясында онлайн форматта төрт мезгілдің ең әдемісі, ең алтыны күзге арналған «Күзгі жапырақтар» балалар суреттерінің арт-көрмесін дайындады.
Бейнематериалда Әбілов Әбілхан, Жақып Айтуар және басқа да балалардың шығармашылық жұмыстары ұсынылды. Суреттер қағаз бетіне мөлдір түсетін акварель бояуымен және түрлі-түсті қарындаштармен салынған.
Сондай-ақ оқырмандар назарына іс-шара тақырыбына қатысты кітаптар ұсынылды, мысалы: М.Қабанбаевтың «Жылдың төрт мезгілі», «Жыл мезгілдері: табиғат туралы өлеңдер мен әңгімелер» және т.б кітаптар.

Updated: Қыркүйек 23, 2021 — 3:55 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған