«Мой любимый детский стих»

Агния Бартоның туғанына 115 жыл толуына орай «Мой любимый детский стих» онлайн байқауы өз мәресіне жетіп, байқаудың қорытындысы шығарылды. Бұл байқауды Орталық балалар кітапханасының ұжымы №20 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешілерімен бірлесіп «Читающее детство» серіктестік жобасы аясында ұйымдастырды. 12 қатысушы ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп оқып берді. Қазылар алқасы жас қатысушылардың өнерін әртістік және мәнерлеп оқу шеберлігі, сахнада өзін-өзі ұстау мәдениеті бойынша бағалады. Сөйтіп, І орынды Ян Левандовский, ІІ орынды Стас Недомолкин және ІІІ орынды Ксения Нгуен қанжығасына байлады.

Updated: Сәуір 5, 2021 — 3:31 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған