Балаларға арналған жаңа жылдық кітаптар!

Орталық балалар кітапханасында «Кітап бұрқасыны» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге қыс туралы өлеңдер жинағы, қыс туралы шығармалар жинағы, ертегілер қойылды. Балғын оқырмандар көрмеден Аяз ата мен Ақшақардың пайда болу тарихымен, Жаңа жыл мен Рождество мерекесін тойлау дәстүрлерімен танысуға зор мүмкіндік алды. Сондай-ақ балалар үйді сиқырлы Жаңа жыл мерекесіне әсем етіп безендіруге қатысты көптеген пайдалы кеңестерге толы кітаптармен танысты. Ал жас оқырмандардың ата – аналары болса әлемнің түкпір-түкпірінен мерекелік үстелге жасалатын тағамдардың рецепттері жазылған кітаптарды тамашалады.
Көрмеде ұсынылған түрлі кеңестер сіздерге пайдасын тигізеді деген үміттеміз. Сиқырлы Жаңа жылды кітаппен қарсы алайық!
Кітап көрмесі көктемге дейін жалғасады. Сондықтан сіздерді асыға күтеміз! Кітапхана есігі сіздер үшін әрдайым ашық!

Updated: Желтоқсан 28, 2021 — 10:39 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған