«Журналдар алаңы»

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінің кітапханашысы Ж.Қ.Бектасова №25 қазақ қыздар гимназиясының оқушыларына «Журналдар алаңы» атты шолу өткізді. Кітапахан қорына келіп түсетін «Айгөлек», «Бала Би», «Балдырған» және т.б. журналдарға шолу жасады. Сонымен қатар, оқушыларды кітапханамен, оның жұмысымен , абонемент пен оқырман залымен таныстырып өтті. Шараның «Білім көзі- кітапты» атты бөлімінде оқушыларға сұрақтар қойылып, кітап туралы жұмбақтар жасырылды. Одан әрі шара «Мақал – сөздің мәйегі» атты бөлімімен жалғасын тапты. Бұл бөлімде балалар мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, мақал-мәтелдерді толықтырып айтып беруі тиіс. Осылайша, «Көңілді тапқырлар» ойынының кезегі де келіп жетті. Оқушылар ойындарға белсене қатысты. Шара соңында «Сұлу Ханшайым» атты мультфильм көрсетілді. Оқушылар түрлі де қызықты ойындар ойнап, мультфильм тамашалап, көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне тарқасты.

Updated: Қазан 15, 2021 — 10:12 тд

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған