Білгірлер турнирі!

Кітапхана қызметкерлері Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне арналған «Білгірлер турнирі» конкурстық бағдарламасын ұйымдастырды. Турнир 5 кезеңнен тұрды. Қатысушылар өзара «Білгірлер» және «Шеберлер» командасына бөлінді. «Шынығу» кезеңінде балалар түрлі күлкілі де қызықты сұрақтарға жауап берді. «Ойжұмбақ» кезеңінде командалар анаграммалар шешуге кірісті. «Х.Андерсонның ертегілері бойынша сауалнама» кезеңінде балалар автордың ертегілерінен құрастырылған «Кай мен Герда раушан гүлінен басқа не өсірді?», «Көпірдің астында қалайы солдат кімді кездестірді?», «Түймеқыз кімді құтқарды?» және т.б. сұрақтарға жауап іздеп, сондай-ақ «Қызықты тапсырмалар» кезеңінде командалар логикалық есептер шығарды. Турнир «Кітап және оқу туралы мақал-мәтелдерді еске түсіріңіз және жалғастырыңыз» атты кезеңімен өз мәресіне жетті.
Оқу залында «Кітап шашу» көрмесі жасақталып, балалар кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптармен танысып, мәре-сәре болды.

Updated: Қазан 20, 2021 — 3:54 тк

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған