Day: Қазан 29, 2019

Кітаптармен дос болып – кітапханаға келеміз!

Күзгі демалыстық уақытты пайдалана отырып Орталық балалар кітапханасына №25 қазақ қыздар гимназиясының 1-ші сынып оқушылары келді. Кітапханашы балаларды жылы мейірімен қарсы алып, кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасады. Оқушыларды кітап, журналдармен, кітапхананың тәртібімен таныстырды. Балалар үлкен ынта-жігермен, әдемі көркемделген кітаптарға назар аударды. Экскурсия соңында «Балақай мен Карлсон» мультфильмін қызықтады.