Day: Қазан 30, 2019

Кітапханадағы күзгі демалыс күндер

Күзгі демалыс уақытында кітапханаларда ерекше қүндер болады. №4 балалар кітапханасыда (Солнечный кенті) осы шарадан шет қалған жоқ. Бұл жолы №16 мектептің 1 «а», «б» сынып оқушылары экскурсияға келді. Оқушыларға арналған түрлі-түсті және иллюстрациялық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы Г.Ж. Букеева кітап, журналмен, кітапхананың тәртіп ережесімен таныстырды. Балаларға арнап «Сөзді жинақта», «Үшбұрыш»,«Өрмек» сияқты қызықты ойындар ойнатылды.

“Ертегі әлемінде”

Күзгі демалыс кезеңінде Орталық балалар бөлімі, ақпараттық – библиографиялық бөлімімен бірлесе отырып №26 мектептің 4 – сынып оқушыларына «Ертегі әлемінде» атты библиофреш ұйымдастырылды. Кітапханашы Т.Ракишева ертегілер жайлы әңгімелеп, викторина арқылы сұрақ-жауап жасырылды, А.Елубаева «Ертегі әлемінде» атты кең көлемді кітап көрмесіне шолу жасады. Соңында оқушылар қызықты мультфильмдерді тамашалады.