Day: Қараша 1, 2019

«Балалар күлкісінің әлемі»

Күзгі демалыс аралығында Орталық қалалық балалар бөлімінің кітапханашылары №10 мектептің 1-3 сынып оқушыларына арнап «Балалар күлкісінің әлемі» атты танымдық ойын бағдарламасын ұйымдастырды. Бағдарлама барысында сайыс, ойын өткізіліп, өлең, шығармалардан үзінді оқылды. Шара соңында экскурсия жүргізіліп, балаларға кітапхана визиткалары үлестірілді.