Day: Қараша 5, 2019

«Жіптерден жасалған сәндік панно»

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінде мүмкіндігі шектеулі балаларға “Шебер саусақтар” креативті қолөнер үйірме аясында «Жіптерден жасалған сәндік панно» атты мастер-классы өткізілді. Бүгінгі мастер-класстың тақырыбы «Жіп графикасы» деп аталды. Әлеуметтік қызметкерлер балаларға әр түрлі-түсті жүн жіптерінен безендіруді үйретті. Кітапханашы Т.Ракишева тақырыптық әдебиеттерімен, кітапхананың мерзімді басылымдарымен балаларды таныстырып өтті.