Day: Желтоқсан 5, 2019

«Оқу сәті»

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінде 30 қараша мен 3 желтоқсан аралығында балалар мен жасөспірімдерге арналған «Оқу сәті» атты мерзімді басылымдар күні өтті. Оқырмандарға балалар газеттері мен журналдары көрсетілді. Екі күн бойы “Әлемдегі барлық қызықты оқиғалар туралы, журнал мен газеттен біл” атты шолулар өткізілді. Мерзімді басылымдардан балаларға әртүрлі жұмбақтар, жаңылтпаштар, ребустар, зейінді тесттер ұсынылды. Соңында кітапханашылар […]

«Өз қолымен әшекей: жіптегі гүлдер»

Орталық қалалық кітапхананың балалар бөлімінде мүмкіндігі шектеулі балаларға “Шебер саусақтар” креативті қолөнер үйірме аясында «Өз қолымен әшекей: жіптегі гүлдер» атты мастер-классы өткізілді. Әлеуметтік қызметкерлер балаларға түрлі-түсті қағазды, жіптерді, желімді, қайшыларды пайдалана отырып, үй-жайдың декорациясына арналған жіптерден гүл жасау бойынша мастер-класс көрсетті.